Microsoft Word BÄ°LÄ°msel eksen 20++



Yüklə 4,84 Mb.
Pdf görüntüsü
səhifə14/52
tarix26.10.2018
ölçüsü4,84 Mb.
#75726
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52

Bilimsel Eksen-Sicientific Axis-Научный Меридиан/Yıl-Year-Год 2017/Sayı-Number-Число 20
 
 
35
Ясауи  хикметтерінің  мəні,  философиясының  өзегі  –  адам.  Хикмет  – 
Алладан берілген ілім, адамның өзін тану арқылы Алланы тану ілімі. Рухты 
кемелдендіру  арқылы  болмыстың  бірлігін  түйсіну,  жаратылыс  сырларын 
ұғыну,  Жаратушының  хикметін  сезіну  ілімі.  Сопылық  танымының  негізі 
хикмет  ілімі.  «Хикмет»  сөзі(арабша)  тілдік  тұрғыдан  алғанымызда  «ақыл», 
«парасатты сөз», «дін ілімі», «ең шынайы ілім арқылы ең шынайы болмысты 
тану»  деген  мағыналарды  білдіреді.  Сонымен  қатар  хикмет  –  Құранның 
мазмұны мен мəні болып табылады.  
Сопылық  –  құт  ілімі,  даналықтың  кені,  парасаттылықтың  бағдары. 
Даналық – хикмет, ал, хикметті беретін Алла. 
 Бұл жол туралы сопылар өздерінің хəлі мен мақамдарына қарай əр түрлі 
анықтама  береді.  Бұрынғылар  сопылықтың  мəні  мен  мазмұнын,  ұстанымы 
мен  мұратын,  тəртібі  мен  жүйесін,  этикасы  мен  негізін  ислам  мəдениетінің 
ішкі  қыры  деп  қарады,  əрі  осы  жолды  жаңадан  таңдағандарға  қайтадан 
түсіндіріп  дəстүрлі  сабақтастықты  жалғап  отырды.  Міне,  осы  тұрғыдан 
сопылық – дүниетану ілімінің шексіздік пен үздіксіз жалғасу тапқан толассыз 
жаңару үдерісі болып табылды. 
Сопылық  ислам  философиясы  тарихында  ең  алғаш  исламды  жəне  оның 
осы  дүниедегі  өмір  сүру  қағидаларын  ұғынудағы  жəне  танудағы  өзіндік 
ерекшелігімен  танылған  ілім.  Сопылық  деп  аталатын  дүниетанымдық 
ағымның мəні мен тарихының орны ерекше. Соңғы жылдары Қазақстанның 
ғылыми  ортасында  да,  қарапайым  халықтың  арасында  да  əр  алуан  пікір 
қайшылықтарына,  тіпті,  кейде  ғылыми  дау-дамайға  да  негіз  болып  жүрген 
діни  ұғымдардың  бірі  -  сопылық.  Бұл  кейде  «сопылық  жолы»  немесе 
«сопылық  ілімі»  деп  аталады.  Тек  Қазақстанда  емес,  дүниежүзінде  де 
сопылық ілімі тұрғысында бір-бірінен алшақ немесе мүлдем кереғар пікірлер 
ғасырлар  болып  жалғасып  келеді.  Сондықтан  болса  керек,  əлемнің,  əсіресе, 
тарихи  жолы  ислам  дінімен  тамырласып  жатқан  елдерде  сопылық  ілімі 
ғылыми  айналымға  ертерек  түскен.  Бұл  тақырып  -  исламның  ғылыми 
əлемінде өте маңызды, өзекті, ауқымды сала. 
Сопылық  ілім  əуелден-ақ  дүниенің  тетігін  адамға  тəн  деп  таныды. 
Оларға  адамның  жан  дүниесінің  нəзік  құбылыстарына  талдау  жасау,  адам 
əрекеттерінің  құпия  себептеріне,  өз  басының  қайғысына  назар  аудару,  діни 
шындыққа іштей барлау жасау сияқты ерекшеліктер тəн. Сопылық тарихына 
өшпес  ізін  қалдырған  осындай  діни  түсінік,  Ясауидің  ой-пікірлерінде  де 
тереңге  тамырын  жайған.  Орта  Азияның  ортасынан  орын  алған  Түркістан 
аймағында  Ислами  сенім  мен  сана-сезімнің  енді-енді  орнығып  келе  жатқан 
тұсында-ақ  осындай  қос  түсініктің  қоғамға  жаңа  серпін  бермегенін 
пайымдаймыз. Бұл түсінік  əлі күнге дейін Ислам əлемінің түкпір-түкпірінде 
жалғасын  табуда.  Бұған  күдікпен  қарауымыздың  бірден  бір  себебі  –  оның 
діни ілімдер  мен сопылық  түсініктің  арасындағы елеулі бөлінушілікке  алып 
келуі.  Екіншіден,  Ясауидің  мұндай  діни  түсінігі  оның  жоғарыда  айтылған 
Құран мен хадиске толассыз жүгіну түсінігімен қарама-қайшы секілді болып 
көрінеді.  Өйткені  аяттар  мен  хадистер  шариғат-тариқат  жіктеліміне  рұқсат 


Bilimsel Eksen-Sicientific Axis-Научный Меридиан/Yıl-Year-Год 2017/Sayı-Number-Число 20
 
 
36
бермейді.  Анығырақ  айтқанда,  Ясауидің  өзі  Құран  мен  хадиске  жүгіну 
керектігін  сан  рет  қайталап,  шариғаттың  негіздеріне  əрдайым  айрықша  мəн 
берген. 
Ясауи  хикметтері  сопылық  ілімнің  жалаң  уағызшысы  емес.  Автордың 
болмысты  сопы  ретінде  түйсінуі  қаншалықты  терең  болса,  ақын  ретінде 
сезінуі  де  соншалықты  шынайы.  Хикметтерде  баяндалатын  оқиға, 
суреттелетін  жағдай,  насихатталатын  ілім  ең  алдымен  сыршыл  сезім 
көрігінен  өткізіліп,  тұнық  поэзия  табиғатына  тəн  бейнелілікпен  көркемдеп 
жеткізіледі. 
Ахмет  Ясауи  даңққұмарлық,  мақтансүйгіштік,  күншілдік,  екіжүзділік, 
сатқындық,  надандық,  кекшілдік,  алдау  сияқты  жаман  əдеттердің  кең  етек 
алып  кеткендігіне,  ұят,  ынсап,  əділдік,  кішіпейілдік,  қарапайымдылық, 
адалдық,  тақуалық  секілді  ізгі  қасиеттердің  төмендеп  кеткеніне  күйінеді. 
Саналы  болуға,  терең  ойлануға,  өмірдің  ақиқатын  түсінуге  шақырады.  Сол 
үшін  əдептілік  пен  тектілікті  дəріптеуді,  туған  ел  мен  жерге  деген 
сүйіспеншілікті өз шығармашылығының мұраты етеді. 
Өткенсіз  бүгін,  бүгінсіз  ертең  жоғын  мойындасақ,  осынау  өміршең 
Ясауидің рухани дəстүрін, көркемдік нақыштарын қазақтың ақын ұл-қыздары 
Есенбай Дүйсенбай, Есенғали Раушан, Гүлнар Салықбай, Темірғали Көпбай, 
Жанат  Əскербекқызы,  Светқали  Нұржан,  т.б.  жалғастырып,  олардан  кейінгі 
ұрпаққа сабақтаса жалғасқаны көңілге үміт ұялатады. 
Ал,  кеңес  кезеңінде  Ясауи  мұраларына  алғаш  мойын  бұрып,  оның  адам 
тəрбиелеудегі  өлшеусіз  қызметіне  тоқталған  ғалым  Құдайберген  Жұбанов 
еді. Ол 1936 жылы өзі оқтың аузында тұрса да Қожа Ахмет Ясауи жайында 
толымды  еңбек  жазып  қалдырды.  Ұлы  бабамыздың  шығармаларын  қазіргі 
тіліміз  бен  заманауи  өрнек-уəзінге  түсіру  жұмысымен  М.Тыныштықұлы, 
С.Битенов,  Х.Иманжанов,  Х.Сүйіншəлиев,  Ə.Жəмішев,  М.Жармұхамедұлы, 
М.Шафиғи,  Е.Дүйсенбай,  Қ.Қари,  Ғ.Қамбарбекова  сынды  ғалымдар 
айналысқаны белгілі. 
Қожа  Ахмет  Ясауиді  түркі  халықтары  жазба  əдебиетінің  бастауында 
тұрған  көрнекті  тұлғалардың  бірі,  түркі  сопылық  поэзиясының  негізін 
салушы,  қазақ  əдебиетінің  белгілі  ғұламасы  ретінде  таныған  ғалым 
зерттеушілер 
М.Мырзахметов, 
А.Жақсылықов, 
С.Дəуітұлы, 
М.Жармұхамедұлы, А.Егеубаев, Зікірия Жандарбек, Досай Кенжетай, Айнұр 
Əбдірəсілқызы еңбектерін ерекше атауға болады. 
Ясауи мұраларының мəні ешқашан жойылмақ емес. Ол бүгінгі өмір үшін 
де  аса  маңызды.  Əсіресе,  жастарды  имандылық  пен  ізгілікке, 
отансүйгіштікке, адалдық пен тазалыққа, төзімділікке шақыруда оның берері 
мол. Қазіргі уақытта қоғамның əрбір мүшесінің елге жанашыр азамат болып 
қалыптасуы,  адами  құндылықтарды  құрметтеуі,  өзге  дін  өкілдеріне 
төзімділікпен қарауы қаншалықты маңызды болса, біз сол идеялардың кешегі 
Ясауи  бабаларымыздың  мұраларынан  бастау  алатынына  қазір  анық  көз 
жеткізіп  отырмыз.  Сол  үшін  исламның  тарихын,  жүріп  өткен  жолын,  ата-


Yüklə 4,84 Mb.

Dostları ilə paylaş:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




Verilənlər bazası müəlliflik hüququ ilə müdafiə olunur ©genderi.org 2024
rəhbərliyinə müraciət

    Ana səhifə