ÖN SÖZ
Büyük gayret ve fedakârlıklarla, örnek nitelikte bir uyum ve dayanışma sonucunda Uluslararası
Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu’nun üçüncüsünü gerçekleştiriyoruz.
İlkini üç yıl önce Üniversitemizin ev sahipliğinde Niğde’de düzenlediğimiz Uluslararası Türk
Dünyası Araştırmaları Sempozyumu’nun ikincisi Kazak Kızlar Devlet Pedagoji Üniversitesi’nin
organizasyonuyla Kazakistan’ın başkenti Almatı’da gerçekleştirildi.
Bu yıl kadim Türk yurdu Azerbaycan’da Bakü Avrasya Üniversitesi’nin ev sahipliğinde
düzenlediğimiz Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu’nu her yıl farklı bir bağımsız ya
da özerk Türk Cumhuriyeti’nde düzenlemeyi planlıyoruz. Bu yolla Türk dünyası üzerine çalışmalar yapan
bilim insanlarını Türk coğrafyasının farklı yerlerinde bir araya getiren, güçlü bağlarla ve iletişim
kanallarıyla birbirine bağlı bilim insanlarının oluşturduğu büyük bir akademik platform ortaya çıkarılmış
olacaktır.
Sempozyumda Türk Dünyasını ilgilendiren her türlü konunun akademik düzeyde tartışılması,
sorunlara çözüm üretilmesi ve ortak projelerin geliştirilmesine zemin hazırlanması amaçlanmaktadır.
Oluşacak sinerji ve ortaya çıkacak netice ile Türk Dünyasını ilgilendiren her konuda nitelikli bilgi
üretimine katkı sağlanmış ve yeni bakış açıları sunulmuş olacaktır.
Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu’nun bu yıl Bakü’de düzenlenmesi Türk
Dünyasına yönelik yapılan bilimsel çalışmalar tarihi açısından da ayrı bir önem arz etmektedir. İçinde
bulunduğumuz yıl, Türk Dünyasının ortak bilimsel çalışmaları ve Türklük bilimi çalışmaları açısından bir
dönüm noktası niteliği taşıyan Bakü Türkoloji Kongresi’nin 90. Yıldönümüdür.
1926 yılında Bakü’de gerçekleştirilen, Bakü Türkoloji Kongresi’nden 90 yıl sonra aynı coğrafyada,
benzer amaçlarla Türk Dünyasının birçok bölgesinden gelen birbirinden değerli bilim insanlarıyla bir
arada olmak bizler için büyük bir mutluluk vesilesidir.
Bu duygularla, III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu’nun beklentilere cevap
verecek sonuçlar doğurmasını ve Türk Dünyasının sorunlarına bilimsel çözümler üretilmesine katkı
sağlamasını diliyor, saygılar sunuyorum.
Prof. Dr. Adnan GÖRÜR
Niğde Üniversitesi Rektörü
АЛҒЫ
Баршаларыңызға Ер-түріктің бесігі атанған қасиетті Тұран жерінен жалынды сәлем!
Бүгінгі күні тұтаса бас қосуымыз бүкіл Түркі дүниесінің даңқын асқақтатып отыр. Бұл жиын
Түркі халықтарының бірлігін нығайтатын, халықтар арасындағы татулық, бірлік пен ынтымақ-
тастықтың әлеуетін арттырып, түркі халықтарының бай мәдени-тарихи мұрасын насихаттау
жұмыстарын жандандыратын, түркітілдес мемлекеттердің халықаралық сахнада біріккен
ұстаныммен пікір алмасуына мүмкіндік беретін келелі кеңеске айналды.
2014 жылы Түркияның Нийде қаласында өткізілген І Халықаралық түркі әлемі зерттеулері
симпозиумы түркі әлемін жаңғыртудың өзіндік бастамасы болды. Нийде университетінің,
М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің және Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің арасындағы өзара бірлескен ынтымақтастық
келісім-шарты негізінде ұйымдастырылған алғашқы симпозиум жоғары деңгейде өткені белгілі.
Әлемнің 18 мемлекетінен келген ғалымдардың қатарында Қазақстан Республикасының 10 іргелі
жоғары оқу орнынан 130-ға жуық ғалымы болып, түркі әлемінің тарихы мен танымын зерттеуге өз
ғылыми еңбектерін ұсынды. Олардың даму көшіне айтарлықтай үлес қосқандарын зор
мақтанышпен атауға болады.
Өткен жылы Бөрілі байрақты Көк Түркінің өкілдері Орталық Азияның жауһары Алматы
төрінде бас қосып, түркі дүниесінің тұтастығын сақтау, түбі бір мәдениетіміз бен
руханиятымызды зерттеп-зерделеуді қолға алу, түркі әлемінің әлеуетін арттырып, оның орнықты
дамуына мүмкіндік жасау мәселелерін көтерді. Көп дүние талқыға түсіп, зерттелді. Түркі әлемінің
ғалымдары пікірлерін ортаға тастап, тәжірибелерімен алмасты.
3000 жылдық тарихы бар үлкен өркениет Түркі әлемі өзгелермен салыстыруға келмейтін,
Батыс пен Шығыстан бөлек дара қоғам. Бай рухани құндылықтарымен өрілген ерекше
мәдениеттің ошағы. Түркілердің руханиятын, ержүректілігін, даралығы мен тектілігін толығымен
бойына сіңірген Ұлы Дала елі Қазақстан бұл өткен тарихын әспеттеп, барынша қадірлеп келеді.
Баршамызға ортақ түркі мәдениеті, әдет-ғұрпы, тарихы, жалпы мұрасы жаһанданудың
ыстық алабымен бетпе-бет келіп тұрғанын жасыруға болмайды. Ғалымдардың алдында
бабаларымыздың ұлы мұрасының мән-мағынасына бойлап, заманауи тұрғыдан терең зерттеп,
зерделеп, жіктеу, оларды жарияға шығару, әр деректердің басын қосып, бүтін қылу өте ауқымды,
соқпағы мол, қиын шаруа екенін мойындаймыз. Қазіргі қолда бар деректер, бәрімізге ортақ түркі
тілі, аспан астындағы таңбалар, мұражайлар Түркі әлемін өз дәрежесінде мәртебелеп тұрған жоқ.
Көптеген жәдігерлер жердің қойнауында, әлі зерттелмеген күйде жатыр.
Дегенмен, «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, осындай ірі талқылауларымыз ежелгі ата
мұрамызды зерттеуге, тануға, насихаттуға, олардың інжу-маржандарын өскелең ұрпаққа жеткізуге
кеңінен жол аша түсетіні сөзсіз. Ортақ тарихымыз бен түбімізді зерделеу баршамызға керек ең
зәру қажеттіліктен туындап отыр. Бұл бабалар аманатына деген адалдық.
Бағыты мен мақсаты айқын басқосу түркі әлемінің рухани бірлігін нығайтуды, мәдени-
рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді зерттеуді дамытуға үлес қоспақ. Осы өте маңызды
ғылыми бастамамыз, симпозиум жұмысы өміршең әрі табысты болсын демекпін.
Өткен ғасырлардың ғалымдары, түркітанушылар ұраны Көкбөрі түркілердің бай мұрасын,
мәдениеті мен болмысын қал-қадірінше айтып кетті. Өмірден өткен түркілердің ұлылығын, асқан
данышпан болғанын сонау грек тарихшысы Геродот, 120 жыл бұрын Орхон-Енисей
жазбаларының құпия сырын ашқан дат ғалымы Вильгельм Томсен әлемге паш етті. В.Радлов,
Л.Гумилев, А.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақовтар бізге түркілердің ат құлағында ойнаған жаугер
халық екенін жеткізді. «Түркілердің тағы бір ерекшелігі өзге елдер сияқты өздері жаулап алған
жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен
үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге
табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман