Baki avrasiya universiteti NİĞde üNİversitesi



Yüklə 4,88 Mb.
Pdf görüntüsü
səhifə9/204
tarix23.01.2018
ölçüsü4,88 Mb.
#22347
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   204

 

İçindekiler/Contents 

XXI 

Zeynep BALKANAL Osmanlı 



Dönemi 

Padişah 


Portrelerini 

Resmeden  Minyatürlerde  Tasvir  Edilen 

Yastıklar 

The Pillows Depicted in the Miniatures Paint-

ed as the Sultan Portraits in Ottoman Period 

399-404 


Zeynep Çiğdem ÇENGEL Türk Kültüründe, Grifon Figürünün Hun Türk-

lerindeki Yaygın Kullanım Alanları İle Selçuk-

lu  Türklerindeki  Kullanım  Alanlarının  Karşı-

laştırılması 



The  Comparison  Between  the  Common  Usage 

Areas of Gryphon Figure in Hun Turks and the 

Usage  Areas  of  It  in  Seljuk  Turks  within  the 

Scope of Turkish Culture 

405-410 


Züleyha ZOR Osmanlı  Klasik  Dönem  Minyatür  Sanatının 

Felsefesine  Yönelik  Bir  Durum  Değerlendir-

mesi 

An  Assessment  on  the  Philosophy  of  Classical 

Ottoman Miniature 

411-416 


 


 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

XXII 

 



ДАЛА КҮМБЕЗІ – КИІЗ ҮЙ 

Ф.ғ.д., профессор А.Б. САЛҚЫНБАЙ

 

Аннотация:Мақалада  қазақ  халқының  қолтума  өнер  үлгісі  саналатын  киіз  үйдің  дүниелік 



философиясы  ашылады.  Киіз  үйдің  қазақтың  көшпелі  тірлік  салтына  ыңғайлылығы,  жинақылығы, 

құрамалылығы, жеңілдігі аталады. Көшу-қону кезінде жинап алуға, алып жүруге және қайтадан тігуге 

жеңіл  де  оңай  мұндай  баспананың  түрін  ойлап  шығаруы  қазақ  халқының  өзіндік  дүниетанымдық 

ерекшелігі  ретінде  танылады.  Мақалада  киіз  үйдің  негізгі  бөлшектері    -  шаңырақ,  кереге,  уық, 

маңдайша,  табалдырық,  күлдіреуіш,  желбау  сияқты  сөздердің  мағыналық  құрылымы  мен  уәжділігі, 

семантикалық сипаты анықталады. Тілдік таңбаларды субъектінің дүниетанымдық санасымен тығыз 

байланыста қарастыру маңызды. Әрбір ұлт тілінің өзіне тән мәдени-танымдық ерекшеліктерін зерттеу 

ұлттық болмыс пен оның дүниетанымын ғылым тұрғыдан саралауға негіз болады.   



Кілт сөздер: киіз үй, дала философиясы, далалықтар, материалдық құндылық, ұлттық болмыс. 

The Boss of Steppe – Yurt 

Abstract:  Kazakh  people  in  the  article,  which  is  an  example  of  its  own  architectural  culture  will  be  the 

philosophy of the world. Kazakh nomadic life-style yurt friendliness, compactness, lightness. it's easy to get 

it together during the migration and the type of housing that is easy to carry and easy to sew again recognized 

as  a  feature  of  the  Kazakh  people  produce  a  kind  of  ideological  thinking.  The  main  yurt  parts  -  roof,  uyk, 

mangdaysha,  küldirewiş  threshold,  such  as  jelbaw  structure  is  determined  by  the  nature  and  motivation  of 

semantic meaning. Language characters are important to consider closely with the philosophical mind of the 

subject.Researching the deep meanings and cultures of any language of it's  own nationality is a base to learn 

the menthality and phylosophy of the country. 



Keywords: yurt, phylosophy of the steppe, people who live in the steppe, material riches, national being. 

Қазақ халқының  қолтума  өнерінің  қайталанбас  төлтума  үлгісі  –  киіз  үй. Көктемнің 

жайдары  күндерінен  бастап,  қоңыр  күзге  дейін  тұрағы  болған  қасиетті  киіз  үйдің 

далалықтарға тән өзіндік философиясы бар. Материалдық мәдениетінің толымды көрінісі 

саналатын  киіз  үйдің  басты  ерекшелігі  –  көшпелілік  тірлік  салтына  ыңғайлылығы, 

жинақылығы,  құрамалылығы,  жеңілдігі.  Көшу-қону  кезінде  жинап  алуға,  алып  жүруге 

және қайтадан тігуге жеңіл де оңай мұндай баспананың түрін ойлап шығарудың өзі қазақ 

ұлтының мәдени танымын танытады.  

Киіз  үйдің  ең  негізгі  бөлшегі,  “фундаменті”  –  кереге.  Бір  бөлек  керегені  «қанат» 

дейді.  Үйдің неше  қанаттан  тұратынына  байланысты,  оның  сән-салтанаты,  байлығы  мен 

барлығы ерекшеленеді. Төрт керегеден тұратын үй – төрт қанатты үй, бес керегеден тұрса 

– бес қанатты, алты керегеден тұрса – алты қанатты, сегіз керегеден тұрса – сегіз қанатты, 

он екі керегеден тұрса – он екі қанатты т.б.  делінеді. Төрт қанатты үйді кедей-кепшіктер 

тігеді. Алты қанатты үйде ақ туырлықпен жауып, бай да, қоңыр туырлықпен – орташа да 

отырады. Дәулеті асқан, тасқан байлар сегіз қанат, он екі қанат та үй тіккен. Кереге сөзін 

жасау тұрған себепші негіз – кер, керу етістігі;   

Керегеден жоғары қарай жұмыр ұзын ағаштан жіңішке етіп иілдіре жасалған оюлы 

уықтарды  шаңыраққа  шаныштыра  отырып  тіккенде,  әдемі  күмбез  пайда  болады.  Бұл 

күмбездің сыртқы тұлғасы даланың өз бейнесімен астасып жатады. Жазық далада тұрып, 

жан-жаққа  зер  сала  қарасаңыз  –  сіз  үлкен  “киіз  үйдің  ішінде”  тұрғандай  сезінер  едіңіз. 

Төбеңіздегі аспан – шаңырақ та, одан төмен көкжиекке дейін созылған – уық, көкжиектің 

өзі – керегеге ұқсас. 

 Шаңырақ  –  үй  күмбезінің  әрі  төбесі,  әрі  терезесі.  Шаңырақ  төрт  бөлікке  бөлініп, 

дүниенің  төрт  бұрышын  нұсқап  тұрады.  Шаңырақ  үстіндегі  түндік  үнемі  үйдің  көлеңке 

                                                      

 



 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, asalkbek@mail.ru 




III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

бетінен  ашылып,  аспан-көкпен  сырласады.  Киіз  үй  дөңгелене  тігіліп,  есігі  тек  шығысқа 

қаратылады. Дөңгелек болатын себебі, бәлкім далалықтардың физика заңдылығын жақсы 

білгендігі  болар.  Яғни  үйіріле  соққан  жел,  дауыл,  қарлы  боран  дөңгелек  үйді  айнала 

соғады,  бұрышы  болмағандықтан  қар  үйірілмейді,  жиналмайды.  Есіктің  күншығысқа 

қаратылуының  адам  психологиясы  мен  дүниетанымның  қалыптасуына  әсері  мол  екенін 

бүгінгі  ғылым  да  дәлелдеп  отыр.  Рауандап  атқан  таңмен  бірге  оянып,  алаулап  шыққан 

күнді, оның шапағын көру, жылуын сезіну де адам санасына жаңа серпін береді, еркіндікті 

сезіндіреді, табиғаттың болмысын терең тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ызғарлы 

суық желдің негізгі соғар бағыты солтүстік батыстан, батыстан шығысқа қарай соғатыны 

да себеп болса керек.  

Керегенің  сыртын  ала  өрнектеле  тоқылған  ши  оралып,  оның  үстінен  туырлық 

жабылады. Туырлықтың бауларына қошқар мүйіз оюы салынып тоқылады да, туырлықты 

жапқанда  бұл  баулар  бір-бірінің  үстіне  қайшылай  түсіріліп,  үйдің  ішкі  көркіне  әр  беріп, 

салтанатын келтіріп тұрады. Уық бау мен басқұр, жел баулар да әр түрлі ою-өрнектермен 

әсемделіп тоқылған бау-шулар. Жел бау шаңырақты мықты ұстап тұру үшін қажет. Оның 

шаңыраққа  байланған  жеріне  сексеуілдің  кішкене  білеу  ағашын  байлайды  да,  “найзағай 

түспесін” деп ырым етеді. “Күн күркіресең күркіре, бір тұтам сексеуілім бар” дейтін сөз 

қалыпты  бұрынғыдан.  Уықтарды  да  керегеге  шаншуда  бірізділік,  заңдылық  бар.  Есік 

маңдайшасына жеті уық шаншылады да, қалғандары кереге қанаттарына теңдей бөлінеді.  

Киіз үйдің ең қасиетті бөлігі – табалдырық. “Төр табалдырықтан үлкен емес” деген 

түсінік  бар.  Киіз  үйдің  іші  аса  кең  болмағандықтан  да,  онда  әрбір  заттың  өз  орны,  әр 

кісінің өзіне лайық жайы бар. Айталық, отағасы, әдетте, төрде, ана одан төмен, қыз бала 

оң жақта төрде жайғасып отырады. 

Киіз  үйдің  қадірлі  бөлігі  –  шаңырақ.  Халық  оны  аса  қадірлеп,  өз  шаңырағының 

болуын  құрмет  тұтады.  «Шаңыраққа  қара»,  «қара  шаңырақ  иесі»,  «киелі  шаңырақ», 

«шаңырақ иесі», «қара шаңырақ» – деген тіркестер осындай дүниетанымның көрінісі. Киіз 

үй  мен  оның  жасауларының  атауларына  көз  жіберсек,  бұлардың  көпшілігінің  сіңісіп 

кеткен туынды сөздер екенін аңғаруға болады:  

Киіз – кигіз. ДТС-те kіdіz, kіgіz, kіvіz варианттары берілген. Мағыналары – төсеніш, 

кілем деп анықталған [1; б.306]. Қазақ тілінде “киіз” сөзімен түбірлес – ки, киім, кимешек, 

киізші,  киім-кешек,  киіс,  кит,  киіндіру  т.б.  сияқты  сөздер  бар.  Бұл  сөздер  бір 

семантикалық өрісте жатқан, мағынасы жақын бір сөзжасамдық тізбек құрайтын тұлғалар. 

Этимон-түбірі – кід. Негізгі ортақ мағынасы – затты не басқа бір нысанды жабу, жамылу, 

кигізу, ал із  - көптік мағына тудыратын грамматикалық тұлға. Қазіргі қазақ тіліндегі киіз 

сөзінің  мағынасы  түсіндірме  сөздікте  былай  берілген:  1.  Қой  жүнінен  басылған  қалың, 

тығыз зат, мүлік, бұйым. Киіз байпақ, киіз бөрік, киіз етік, киіз жабу, киіз кебіс, киіз кепе, 



киіз  кілем,  киіз  кітап,  киіз  қллқап,  киіз  қазық,  киіз  салық,  киіз  сөмке,  киіз  сырмақ,  киіз 

табан,  өре  киіз,  түс  киіз,  киіз  пісіру,  киіз  етбу,  киіз  ұйық,  киіз  ілмес,  құрым  киіз,  киіз 

ұлтарақ,  киіз  үй  сияқты  сөз  тіркестерінің  құрамында  келіп,  жаңа  номинативті  атау 

туғызады [2; б.41-43].  

Шаңырақ сөзі, біздіңше, біріккен туынды түбір (шаң және қарақ). Шаң  сөзінің ДТС-

те – таң шапағы (утреняя звезда) мағынасы көрсетілген [1. б.139]. Шаң сөзі мен таң сөзін 

тектес  деп  тануға  негіз  бар.  ТШ  аффрикаттарының  жіктелуі  арқылы  таң-шаң  атаулары 

қалыптасқан да, таң мағынасындағы шаң сөзі тек шаңырақ сөзінің түбірінде сақталған деп 

пайымдаймыз.  “Таң шапағы” мағынасындағы бұл сөзбен түбірлес негіздер: таң-шаң-шам-

шақ-шамшырақ-шапақ т.б. Этимон-түбірі – ша. Әуелгі мағынасы – күн. 

Екінші  сыңарының  көне  тұлғасы  “қарағ  –  қарау”;  мағынасы  –  белгілі  субъектінің 

объектіге  назар  аударуы,  көз  салуы,  қарауы,  сонымен  қатар  бұл  сөз  “терезе,  саңылау” 

дегенді де білдіруі мүмкін. Демек, “шаңғарақ-шаңырақ” – таң шапағына қарау, таңды көру 

болып  шығады.  Ол  бастағы  “шаңғарақ”  сөзінің  тұлғалық  жағынан  өзгеріске  түсіп 




Yüklə 4,88 Mb.

Dostları ilə paylaş:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   204




Verilənlər bazası müəlliflik hüququ ilə müdafiə olunur ©genderi.org 2024
rəhbərliyinə müraciət

    Ana səhifə