Baki avrasiya universiteti NİĞde üNİversitesi



Yüklə 4,88 Mb.
Pdf görüntüsü
səhifə11/204
tarix23.01.2018
ölçüsü4,88 Mb.
#22347
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   204

Ф.ғ.д., профессор А.Б. САЛҚЫНБАЙ/



 Дала Күмбезі – Киіз Үй 

ӘДЕБИЕТ 

Древнетюркский словарь. – Ленинград.: Наука. 1969. 640 б. 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-том. –Алматы: Ғылым. 1974-1986.   

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-том. -Алматы: Ғылым.  1974-1986.   

Томанов М.Т. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. 264  



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-том. –Алматы.: Ғылым. 1974-1986.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

 

 

 



 

 

 




ҚАЗАҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ИДЕЯСЫНЫҢ 

ҚАЛЫПТАСУЫ 

T.ғ.к., доцент А. М. СМАНОВА

  

PhD доктор Ж. Ж. ҚҰМҒАНБАЕВ





 

Аннотация:1917-1939  жылдар  аралығындағы  ұлт  зиялы  қауымы  өкілдерінің  бір  бөлігі  қазақ 

халқының, ал екінші  бөлігі түркі халықтарының бірлігі идеясының негізінде автономиялы мемлекет 

құру іс-әрекеті және оның іске асырылуын зерттеу болып табылады. 



Тірек сөздер: ұлт, мемлекет, халық. 

Kazakh Intelligent of the Idea of National Statehood Nation 

Abstract:  Activity  in  the  period  between  1917  and  1939  representatives  of  national  intelligence,  aimed  at 

creating  an  autonomous  state,  based  on  the  ideas  of  unity  of  the  Kazakh  people  and  the  work  of  other 

representatives of national intelligence, aimed at creating an autonomous state, based on the ideas of unity of 

Turkic peoples.  



Keywords: nation, state, nation  

Қазіргі кезеңде заман талабына сай ұлт тарихының ұлттық сана мен ұлттық рухты жоғары 

деңгейде  дамытуға  қызмет  көрсетуі  заңдылыққа  айналып  отыр.  Ұлттың  бірегейлігі  мен  біртұтас 

келбетін  сомдайтын  тарих  ғылымы  болып  табылады.  Сондықтан  да,  тарихшылардың  тарих 

алдында  уақыт  арқалатқан  жауапкершілігі  зор.Ұрпақ  арасындағы  білім  мен  біліктілікке 

негізделген тарихи сабақтастықты жалғастыру және дамыту арқылы ұлттың рухы биіктей түседі. 

Кеңестік  қоғам  тұсындағы  ұлт  мүддесінің  аяқ  асты  болған  тұстарын  объективті  түрде  зерттеп, 

шынайы  зерделеу,  тәуелсіздік  жылдарында  қазақ  зерттеушілерінің  басты  нысанына  айналды. 

Өйткені,  кеңестік  кезеңде  қазақ  халқының  қайғы-қасіретке  толы  болған  тарих  беттерін  ашуға 

мүмкіндік болған жоқ.  

ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  жазықсыз  қудаланған  қазақстандық  зиялы  қауымның 

тағдыры кеңестік кезеңде айтылмады және жазылмады, оның себебі қазіргі уақытта баршамызға 

мәлім.  Еліміз  егемендікке  қол  жеткізгеннен  кейін,  бұл  мәселені  зерттеу  қолға  алынды,  алайда 

мәселе әлі де толықтай зерттеле қойған жоқ. XX ғасырдың басында қазақ қоғамында орын алған 

күншілдік,  сатқындық  секілді  жаман,  жат  қасиеттер  қазақ  ұлтының  зиялы  қауымы  өкілдерінің 

арасында  да  белең  алып,  соның  салдарынан  кеңес  билігі  одан  сайын  күшейе  түсті.  Мұны 

пайдаланған  сталиндік  үкімет  қазақ  зиялыларының  басым  бөлігін  қудалауға  ұшыратты.  Қуғын-

сүргін шаралары ой еңбегінің рухани болмысын меңгерген зиялылар үшін өте ауыр болып, олар 

рухани жағынан адам айтып түсіндіре алмас азап шекті. 

Бүгінгі  таңда  қазақ  қоғамының  тарихи  санасын  жаңғырту  бағытында  жүйелі  жұмыстар 

атқарылуда.  Өйткені  өз  еліміздің  тарихын  тану  арқылы  ғана  өткен  ғасырдың  соңында  қол 

жеткізген  тәуелсіздігіміздің  қадіріне  жете  аламыз.  Қазақ  халқының  тарихына  үңіліп  қарасақ 

еліміздің  азаттық  пен  тәуелсіздік  жолындағы  күресі  ешқашан  толастамағанын  аңғарамыз.  Өз 

дамуының  белгілі  бір  жетістікті  кезеңіне  жеткен  кез-келген  ел  ұлттық  идеясын  қалыптастыруға 

деген  қажеттілікті  сезінеді.  Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  бергендей,  ұлттық  идея  ел  дамуының 

түбегейлі  жаңа  сатысына  көтерілудің  орасан  зор  мақсаты  жолындағы  қоғам  мен  мемлекеттің 

саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени,  рухани  және  тағы  басқа  барлық  күштерін  біріктіру 

міндеті  туындаған  тұста  пайда  болады.  Ұлттық  идея  этностық,  діни,  мәдени  және  өзге  де 

қауымдастықпен 

біріккен 

адамдар 

тобының 


бөлісетін 

ұжымдық 


мақсат-мұраттары, 

дүниетанымының  көзқарастары  мен  құндылықтарының  кешенді  жиынтығын  білдіреді.  XX 

ғасырдың  бас  кезінен  өрістей  бастаған  қазақ  қауымына  тән  қоғамдық  қозғалыс  өз  алдына 

буржуазиялық-демократиялық  мәні  бар  жалпыұлттық  мақсат-міндеттерді:  ұлттық  тең  құқылық, 

халықтың  мәдениетін  көтеру,  оқу-ағарту  ісін  жетілдіру,  әйел  теңдігін  қамтамасыз  ету, 

көшпелілерді  отырықшыландыру  сияқты  міндеттерді  қойды.  Басқа  сөзбен  айтқанда  бұл  істің 

                                                      

 



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, aigulsmanova@mail.ru 



 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, zhankum0186@mail.ru 




Yüklə 4,88 Mb.

Dostları ilə paylaş:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   204




Verilənlər bazası müəlliflik hüququ ilə müdafiə olunur ©genderi.org 2024
rəhbərliyinə müraciət

    Ana səhifə