Baki avrasiya universiteti NİĞde üNİversitesi



Yüklə 4,88 Mb.
Pdf görüntüsü
səhifə12/204
tarix23.01.2018
ölçüsü4,88 Mb.
#22347
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

басы-қасында  болған  жаңадан  қалыптаса  бастаған  қазақтың  ат  төбеліндей  аз  ғана  тұңғыш 

интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. 

Ұлттық  идеяның  мәні  мәңгілікке  ұмтылуда.  Оның  мазмұнына  көз  жүгіртсек,  екі  бөліктен 

тұрады.  Бірі  –  ұлт,  екіншісі  –  идея  мәселесі.  ХХ  ғасыр  қазақ  тарихына  ұлы  өзгерістер  әкелді. 

Олардың ішінде ұлтты ұлықтағандары да, ұлттың қасіретіне айналғандары да бар. ХХ ғасырдың 

алғашқы  екі  он  жылдығы  ұлттық  идея  тарихына  терең  із  қалдырғанын  байқамау  мүмкін  емес. 

Торлаған  тұманнан  жол  таппай  тұрған  халқын  өрге  сүйреген  күш  Алаш  қозғалысы  еді.  Саяси 

мәдениетті әлемдік деңгейге көтерген, кәсіби даярлығы заманның сұранысына сай, адамгершілік-

имандық  қасиеттері  ұлы  даланың  сан  ғасырлық  қастерлі  құндылықтарымен  суғарылған  Ә. 

Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  М.  Тынышпаев,  Ж.  Ақпаев,  С.  Лапин,  Б.  Қаратаев 

сияқты дүлдүлдер бастапқыда осынау қозғалыстың тұлғалық-интеллектуалдық әлеуетін сомдаса, 

іле-шала Х. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М. Әуезов, 

Ж. Аймауытов, М. Шоқай, тағы басқалар әрлендірді.  

Бұдан  әрине  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялылары  шетінен  періште  болды  деген  ой-

түйін шықпауы керек. М. Дулатов жазғандай, «ұлтшыл болуға жарамай, өз басының қамын ойлап, 

жылтыр  түйме  таққанына  мәз  болып,  переводчик  болып  пара  алып,  пристав  болып  халықтың 

қанын сорып, болыс болып ел бүлдіріп, тыңшы болып, шағым жүргізіп жүрген соғылғандар» қай 

аймақтан да табылатын. Мұндайлар тарихи прогрестің өзегінде тұрған жоқ [1; 219-220 б.].  

Аса  ірі  тарихи  оқиғалар,  біріншіден,  инерциялық  сипатта  болса,  екіншіден,  ұзаққа 

созылатын  саяси  салдарға  ие  болады.  Осыған  байланысты,  Алаш  тарихы  мен  Қазақстанның 

мемлекеттілігі арасында өзара тарихи байланыс пен сабақтастық бар. Ол біріншіден, ХХ ғасырдың 

басы  империялық  және  кеңестік  мемлекеттілік  дағдарысқа  ұшырады.  Осының  өзі  қоғамның 

белгілі  бір  бөлігінің,  атап  айтқанда,  Алашорданың  идеялық  дем  берушілері  мен  кеңестік  және 

посткеңестік  Қазақстанның  саяси  жетекшілерінің  шешуші  қимылдар  жасауына  түрткі  болды. 

Екіншіден,  екі  жағдайда  да  ұлттық  қозғалыстар  саны  арта  түсті.  Үшіншіден,  алашордалықтар 

қазақтардың мемлекеттік құрылымының түрін, еуразиялық геосаяси кеңістіктегі орнын, өкілеттігі 

мен  мәртебесін  өз  көзқарастары  тұрғысында  дамыта  білді.  ХХ  ғасырдың  басында  саяси 

қайраткерлер  де  саяси  сауаттылық,  күрделі  міндеттерді  шешуде  шапшаңдық  таныта  білді. 

Өйткені, Кеңес Одағы деп аталатын аса қуатты империя дамып жатты. Осы кезде қоғамды сақтап 

қалып,  жаңа  мемлекетті,  ұлттың  ілгері  дамуы  үшін  қажетті  жағдайларды  жаңадан  құру  керек 

болды.  Бұдан  бөлек,  аталған  жағдайда  мемлекеттілік  –  ұлттық  мәселелерді  шешетін  және  оны 

шешудің кілті жатқан негізгі құрал болатын [2; 22 б.].  

Жапониядағы  Хоккайдо  университетінің  Славян  зерттеу  орталығының  Орталық  Азия 

бойынша  маманы,  профессор  Уяма  Томохиконың  пікірінше:  «Алашордада  әлдебір  идеология 

болды деп айтпас едім. Бұл қозғалысқа қатысушылардың әртүрлі идеялары болды. Егер олардан 

нені  үйрену  керек  деген  әңгіме  туса,  онда  адамгершілікті,  азаматтылықты  және 

қарапайымдылықты  деп  жауап  беруге  болады.  Олардың  идеясы  –  халыққа  қызмет  ету  болатын. 

Патша тұсында олар Алашордалықтар халық игілігі үшін жұмыс істеген адамдардың жақсы 

үлгісі  ретінде  қала  бермек.  Автономиялы үкіметті құрған кезде өздерін министр деп емес, жай 

ғана Алашорда мүшелері деп атады. Алашордалықтардың қазақтардың мәдени деңгейін дамытуға 

талпынысы  мен  жапондықтардың  өз  халқының  мәдени  және  экономикалық  деңгейін  көтеруге 

ұмтылыстары арасында әлдебір ортақ дүниелер бар деп ойлаймын» [3; 12 б.], – десе, ал тарихшы-

ғалым  М.  Қойгелдиев:  «1917  жылы  Алаш  автономиясын  құру  туралы  хабарлама  ұлттық 

мемлекеттілікті  жаңғыртудың  әрекеті  болды.  «Ресей  империясының  құрамындағы  Алаш 

автономиясы»  деген  сөзді  айта  отырып,  Әлихан  Бөкейханов  қазақтар  өз  мемлекетін  құруға  әлі 

даяр  емес  дегенді  білдіргісі  келді.  Ол  жеке  мемлекеттілікке  өту  үшін  даярлық  кезеңі  қажет, 

тәуелсіздік туралы мәселені болашақта айтуға болады деді. Желтоқсанның сол бір күндерінде бір 

кездері  Алаш  қозғалысы  өз  алдына  қойған  мәселелер  көтерді.  Қазақстанның  1991  жылы 

мемлекеттілік алуы Алашорда идеясының заңды жалғасы деп есептеймін»,-деп ойын білдіреді [4; 

3 б.] 


Әрине ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының мақсаты ұлттық еркіндік жолындағы 

күресі  мен  іс-әрекеті  болатын.  Айталық  1905-1907  жылғы  бірінші  орыс  революциясы  қазақ 

даласындағы  ұлттық  қозғалыстың  белең  алуына  да  өз  септігін  тигізді.  Бірінші  орыс 

революциясының дүмпуі Ресей империясының құрамындағы шет аймақтарындағы елдерде де ұлт-

азаттық  қозғалыстың  өрши  түсуіне  әсер  еткені  белгілі.  Осы  жылдары  қазақ  зиялылары  жалпы 



А.М. СМАНОВА,Ж.Ж. ҚҰМҒАНБАЕВ/



 

Қазақ Ұлт Зиялыларының Ұлттық Мемлекеттілік 



 

ұлттық  мүдде  арнасында  іс-әрекеттерге  көшіп,  ұлттық  бірлікті  орнықтыруға,  әрі  тәуелсіздік 

жолында  ұлттық,  мұсылмандық,  түркшілдік  идеясы  негізінде  діндес,  бауырлас,  тағдырлас  елдер 

өкілдерімен  бірлесе  кіріскен  болатын.  Олардың  саяси  көзқарастарының  қалыптасып,  қоғамдық-

саяси  қызметке  араласуына  бірінші  орыс  революциясы  белгілі  дәрежеде  ықпал  жасады.  1905 

жылғы  революциядан  кейін  қазақ  зиялыларының  белсенді  қайраткерлері  қазақ  халқының  саяси 

санасын  қалыптастыру  жөнінде  жүргізген  жұмысы  ұлт-азаттық  қозғалысын  ұйымдық  жағынан 

рәсімдеу идеясына әкелді [5; 4 б.] 

Өткен  тарихымызда,  қазақ  ұлтының  дамуына  үлестерін  қосқан,  өздерінің  болмысы  да, 

көзқарастары да дара туылған, ХІХ ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалыптасқан қазақ 

зиялы  қауым  өкілдерінің  рөлі  ерекше  болды.  Өздерінің  саяси  бағыттары  мен  әлеуметтік  базасы 

жағынан оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады, сонымен бірге ХХ ғасырдың 1918-1929 жж. 

кеңестік  билікке  тартылған  ұлт  зиялыларын  төртінші  топ  ретінде  қарастырдық.  Олар 

большевиктік  көзқараста  болғанымен  елдің  теңдігін  ойлап,  тұтас  Түркістан  идеясын  көтеріп, 

тәуелсіздік  үшін  күрескен  ұлт  зиялылары  еді.  Аталған  бұл  топтағы  зиялы  қауым  өкілдерімен 

екінші  тарауда  арнайы  қарастырамыз.  Бірінші  топқа  -  «Алаш»  партиясының  либералды-

демократтар тобы жатады. Партияны бұлай деп атап және оның негізін салған адам, ол қазақтың 

көрнекті саяси қайраткері Әлихан Бөкейханов болатын. Оның мақсаты Ресей аясында қазақтардың 

автономиялық  тәуелсіздігіне  қол  жеткізу.  Алаш  зиялылары  сұлтан,  бай,  билер  мен  ауқатты 

малшылар  мен  жериеленушілер  отбасынан  шыққан  адамдардан  құралған.  Олардың  басым 

көпшілігі  Санк-Петербургте,  Мәскеуде  және  т.б.  Ресейдің  орталықтарында  жоғары  білім  алған, 

сонымен бірге отаршыл әкімшілікте – дәрігер, мұғалім, қорғаушы т.б болып қызмет атқарған еді. 

Бұл  топты  («батыстықтар»  деп  атаған)  мынадай  жарқын  адамдар  құрайды:  А.  Байтұрсынов  – 

«Қазақ»  газетінің  бас  редакторы,  ақын,  жазушы,  лингвист  тілтанушы;  Ж.  Ақаев  –  заңгер;  М. 

Тынышпаев – инженер; М. Дулатов – ақын, жазушы; М. Жұмабаев – ақын, жазушы; Х. Ғаббасов – 

жазушы;  Ж.  Аймаутов  –  жазушы,  ақын;  Х.  Досмұхамедов  –  дәрігер;  Ж.  Досмұхамедов  – 

экономист;  А.К.  Кенжин  –  мамандығы  мұғалім.  И.  Мустамбаев  –  геолог;  А.Ә.  Ермеков  –  ұстаз, 

ғалым, математик және сол секілді көптеген т.б. [6; 1-24 п.]  

Ұлт  зиялы  қауым  өкілдерінің  екінші  тобын  мұсылман  қозғалысының  өкілдерімен  қарым-

қатынаста  болған  ұлт  зиялылары  құрайды,  олардың  көбі  кейін  Түркияға  бағыт  ұстанады  және 

соған байланысты «түрікшілдер» атауын алған болатын. Бұл топтың өкілдері М. Шоқай, С. Лапин, 

У. Хожа, А. Махмұд, Х. Юрғули-Ағаев, С. Герцфельд, Ш. Шағиахметов, Ә. Оразаев, К. Қары, С. 

Ақаев, А. Бадин, Кішкенбаев, Кәрімбаев, М. Бехбуди [7; 52 б.] және тағы басқа өкілдер бар. 

Үшінші  топты,  саны  жағынан  аз  және  әлсіз  топты  көзқарастары  социалистік  бағытты 

ұстанушы ұлт зиялылары құрады, оларда тек сирек ерекшелік болмаса, көбі кедей малшылар мен 

жериеленушілерден шықты. Олар: Мұқан Әйтпенов, Көлбай Төгісов, Шаймерден Әлжанов, Қасен-

Қожа Бекхожин, Махмұт Уәлиханов, Қазы Торсанов, Байсейіт Әділов, Әлиасқар Қуанышев, Үсен 

Қосаев, Нұрғали Құлжанов, Ыбырай Төлебаев, Сұлтан Аблаевтар және т.б. болды [8; 10 п.].  

 «Алаш»  партиясының  көшбасшысы,  ақсүйектер  (сұлтан)  отбасынан  шықан  Әлихан 

Нұрмұхамедұлы  Бөкейханов    Омбыдағы  техникалық  училищені,  1894  жылы  Санк-Петербургтегі 

Императорлық  Орман  шаруашылығы  институтының  экономикалық  факультетін  тамаша  бітіріп 

шыққан  болатын  [9;  137  б.].  Мұғалім,  журналист,  этнограф,  публицист  және  әлуметтанушы 

ғалымның  маңдайына  ауыр  және  өте  қиын  тарихи  миссия  –  қазақ  халқының  ұлт-азаттық 

қозғалысының  өкілі  және  ең  алғашқы  қазақ  автономиясының  басшысы  болу  жазылыпты.  Ә. 

Бөкейхановтың ең принципті саяси мұрасы – ұлттық-мемлекетік өз-өзін ұйымдастыру идеясы. Бұл 

идеяны ол және оның жақтастары өздерінің бүкіл күш-қайратын іске асыру үшін жұмсады және 

Алаш-Орда мемлекетін жариялаған соң, сол үшін ақырында өмірлері құрбан болды. 

Ұлт зиялылыраның атқарған жұмыстарында қазақ халқының арасына беделді оқығандарды 

ел  ішіне,  ауылдарға  шығара  отырып,  үгіт-насихат  жұмыстарының  нәтижелі  болуына  қазақ 

комитеті  үлкен  мән  берген  болатын.  Осындай  үгіт-насихат,  ұйымдастыру  істерінің  нәтижесінде 

көпшілік уездер мен ауылдарда комитеттер мен ұйымдар ашылып, қазақ мүддесі үшін сан-салалы 

қызметтер  атқарды.  Ұлт  зиялы  қауымы  өкілдері  осындай  ұйымдастыру,  түсіндіру,  насихат 

жұмыстарын  атқару  жолында  кездескен  әртүрлі  кедергілерге  отарлық  саясатқа  деген  ызасы  мен 

кегін,  өмірден  есесі  кетіп  жүргендегі  өкінішін  естеріне  түсіріп,  көкірегінде  ұлттық  намыс  отын 

жағу үшін халықтың сана-сезіміне психологиялық әдіс арқылы әсер еткен болатын. Айтар болсақ 

«Сарыарқа» газетіндегі «Күш бірлікте» деген мақалада: «... құлдыққа көніп, жем болудан қашатын 



Yüklə 4,88 Mb.

Dostları ilə paylaş:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   204




Verilənlər bazası müəlliflik hüququ ilə müdafiə olunur ©genderi.org 2024
rəhbərliyinə müraciət

    Ana səhifə