Baki avrasiya universiteti NİĞde üNİversitesi



Yüklə 4,88 Mb.
Pdf görüntüsü
səhifə10/204
tarix23.01.2018
ölçüsü4,88 Mb.
#22347
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   204

Ф.ғ.д., профессор А.Б. САЛҚЫНБАЙ/



 Дала Күмбезі – Киіз Үй 

шаңырақ болып түрленуін түсіндіру оңай. Үнемдеу заңына байланысты тіл арты дауыссыз 

дыбыстар  мен  дауысты  дыбыстардың  тіл  алдына  қарай  жылжуы  табиғи  процесс  деп 

танылады да, гуттурал дыбыстар қысып, элизияға ұшырайды. Айталық, VІ-ХІV ғ.ғ. жазба 

мұраларында қ, к, ғ, г дауыссыздары бірде сақталып, бірде сақталмаған, кейін келе мүлде 

түсіп қалу деңгейіне жеткен. Диалектілік  өзгешелік ретінде бұл тарихи қалдық сақталып 

қалуы да мүмкін. 

Таңертең  түндік  ашылған  соң,  шаңырақтан  күн  сәулесінің,  жарық  дүниенің  нұры 

шашылуына себепкер болатын қызметіне сәйкес “таң қарау” немесе “таң шапағын көру” 

деген мағыналы екі сөздің бірігіп, нәтижесінде жаңа номинация жасалуына себеп болған. 

Уық.  Ug  (  уғ  сөзі  ДТС-та  былай  көрсетілген:  “дугообразно  согнутые  палки 

деревянного  остова  кибитки”  [1.  б.607].  Уық  сөзімен  түбірлес  таңбаланатын  сөздер 

кездеспейді. Уықтың  иілу   семасы бар  екенін ескерсек, иілу, илігу, иін сөздерімен жақын 

деген пікір айтуға болар еді. 

Күлдіреуіш  –  шаңырақтың  кереге  көз  болып  түйісетін  шыбықтары  [2.  б.  296].  Бұл 

сөзде  күл-дір-е-уіш  морфемаларынан  құралған  туынды  сөз.  Көне  түбір  тұлғасы  күл+тір 

болуы ықтимал. ДТС-та “kultur – байлау, матау” деген мағына көрсетілген [1. б.386.]. Осы 

мағынаны негізгі сема ретінде түсінсек, онда күлдір – байланған, шырмалған деген мағына 

береді,  -е  –  түрлендіруші,  -  уіш  –  зат  есім  туғызушы  тұлға  (салыстырыңыз,  еле+уіш, 

түйре+уіш,  сүйе+уіш  т.б). Егер күлдіреуішті  шаңырақтың дөңгелек ағашын төртке бөліп 

тұратын доғал ағаштың қосылған радиусы деп түсінсек, онда сол төрт ағаштың қосылған, 

байланған  жері  де  осы  болады  да,  жоғарыда  көрсетілген  семаға  жақындайды.  Сонда, 



күлдіреуіш  сөзінің  негізгі  мағынасы  –  шаңырақ  шеңберін  байланыстырушы  ағаштардың 

байланған, шырмалған тұсы. 

Маңдайша  –  есіктің  кіре  берісіндегі  жоғары  жақ  бөлігі.  Бұл  –  аналогиялық  тәсіл 

арқылы, ұқсату бойынша маңдай және ша тұлғаларының қосылуы нәтижесінде жасалған 

атау.  Маңдай  сөзінің  алыну  себебі,  дәл  маңдай  алдында,  есіктің  жоғары  тұсында 

орналасады. Ал, ша – кішілік, шағындық мән беретін сөз тудырушы тұлға екені белгілі. 

Басқұр  –  бас  және  құр  сөздерінің  бірігуінен  пайда  болған  туынды  сөз.  Бас  негізгі, 

басты мағынасында, ал құр – бірінші мағынасы ДТС-та белбеу, белдік деп көрсетілген [1. 

б.446].  Сонда  негізгі  мағынасы  –  белдік,  негізгі  бау,  негізгі  арқан  дегенді  білдіреді. 

Шындығында да, басқұрдың қызметі осы сөздің мағынасымен тектес. Ол уық пен кереге 

бастарын біріктіріп байланған тұсын мықты ұстап тұру үшін, керегенің шалқайып кетпеуі 

үшін  пайдаланылады.  Әдетте,  керегенің  басы  дұрыс  байлануы  үшін  екі  не  үш  арқанмен 

қабат  тартылады,  ал  басқұр  соның  үстінен  байланатын  ерекше  әдемі  оюлармен 

безендіріліп  тоқылған  бұйым  болып  табылады.  Әдетте  киіз  үйдің  басқұры  арнайы 

жасалады. Ол киіз үй басының (уық пен керегенің қосылған жерін) мықты, берік тұруына 

қызмет етеді, әрі халықтық таным бойынша  тіл-көзден сақтайды. Сонымен, басқұр – киіз 

үйдің ең негізгі, басты бауы. 

Желбау – жел және бау сөздерінің бірігуінен жасалған зат есім. Сөздегі негізгі сема 

–  жел.    Себебі  киіз  үйдің  баулары  мол.  Ал  желбаудың  атқаратын  қызметі  желмен 

байланысты болса керек. Яғни, дауылды, боранды жел тұрғанда, киіз үй жығылмас үшін 

шаңырақты  тартып  байлайтын  бау  [3.  б.58].  Желбау  –  шаңырақты  бақанмен  көтергенде, 

оны  құлатпай  көтеру  үшін  де  қажет.  Қатты  дауыл  соққанда  желбаудың  екі  ұшын  бір-

біріне  мықтап  байлап,  үстін  қаптармен,  ауыр  заттармен  бастырып  қояды.  Сонда  үй 

қозғалмайды. Кереге сөзі  де көнетүркілік  кер және  ірге деген сөздердің бірігуінен пайда 

болса керек. Кер сөзінің мағынасы ДТС-та “растягивать, натягивать” [1, б.300], ал “ірге” 

сөзінің  мағынасы  ergі  –  стоянка,  жилище  [1,  б.177]  деп  көрсетілген.  Киіз  үй 

далалықтардың  архитектуралық күмбезі  екенін еске алсақ, оның өзіндік бастауы, тарихи 

қалыптасу  жолы  болған  (итарқа,  қос,  шатыр,  шалаш  т.б.).  Ірге  сөзінің  ежелгі,  үй  деген 

мағынасы бірте-бірте тарылып, кейін үйдің іргесі, яғни қабырғасы дегенді ғана білдірген. 



III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

Бұл сөздің қазіргі қазақ тіліндегі көптеген ауыспалы мағыналары бар: ауыл іргесі – жақын 

маң: ірге аударды – көшті, іргесін аулақ салды т.б. Демек ірге сөзі қабырға (стена) сөзінен 

гөрі,  тұрақ,  үй  деген  мағынаға  ие.  Киіз  үйдің  іргесі  –  керегенің  төменгі  тұсы,  яғни  киіз 

үйдің  “фундаменті”.  Ірге    сөзінің  көнерген  мағынасы  –  үй  болғандықтан,  кер  сөзімен 

бірігіп,  қабырғаны  керіп,  үлкейтіп  тігу  мағынасынан  келіп,  киіз  үйдің  тек  бір  ғана 

бөлігінің  атауына  айналуы  ықтимал.  Кереге  сөзінің  мағынасы  Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігінде  былайша  түсіндірілген:  Ағаштан  тор  көздеп  жасалған  киіз  үйдің  жиналмалы 

қабырғасы [3. б.630]. Кереге керіліп жайылып, үйдің негізгі қаңқасы тұрғызылады. Кереге 

мықты  болуы  шарт,  үйдің  үлкен  не  шағын  болуы  да,  мықты  не  босаң  болуы  да  осы 

керегеге  байланысты.  Кереге  киіз  үйдің қабырғасы  ғана  емес,  “фундаменті”  де.  Кер  мен 



ірге бірігіп тұлғасының керегеге айналуына келсек, ғалымдардың көрсетуінше –р дыбысы 

тарихи  тұрғыдан  тұрақсыз  дыбыс  ретінде  танылған.  М.Томанов  “Қазақ  тілінің  тарихи 

грамматикасы”  атты  еңбегінде  –р  дыбысының  түсіріліп  айтылуынан  “арыстан  –  аслан, 

беркіт – бекіт, ала+туру > аладүр > алады т.б. сөздердің қалыптасып шығуын  мысал еткен 

[4. 63]. Кері+ірге сөзінде екі –р дыбысының қатар келуі, бір -р дыбысының элизияланып, 

түсіп қалуына себеп болып тұр. Бірінші және үшінші буындарда “е” ашық дауысты дыбыс 

тұрғандықтан,  ортасындағы  екінші  буындағы  “і”  қысаң  дауысты  дыбыс  та  ашық  “е”-ге 

айналуы тілдік заңдылықтың бірі. 

Табалдырық  –  тап  алды  түбірлерінің  бірігуінен  жасалуы  мүмкін.  Табалдырық  есік 

маңдайшасына  қарама-қарсы,  жерге,  еденге  тиіп  тұратын  көлденең  ағашы  деп 

түсіндіріледі  [5.  б.520].  Киіз  үйдің  табалдырығына  қазақ  ұғымында  өте  үлкен  мән 

берілген.  Жақсы  көңілмен,  адал  ниетпен  келген  адамның  табалдырыққа  отырмасы,  оны 

басып  өтпесі  белгілі.  Хан  ордасының  табалдырығын  басып  кірген  адамның  басын  алған 

деген аңыз да бар. “Табалдырықты баспа, оған отырма – дұшпаның өрлейді” – деді халық 

танымы. “Төр – есіктен үлкен емес” деген де сөз бар. Демек, табалдырықты баспай жүру 

жақсылыққа жорылған. Табалдырықтан аттаған соң, кім болса да ол қазақ үшін дұшпан не 

дос емес, ол – қонақ. Сондықтан болар халық даналығы үйге бейсауат енген жыланды да 

өлтірмей, басына ақ құйып шығарып жіберген. Ал үйде отырған дұшпаны, қаскүнем болса 

да,  табалдырықтан  аттаған  соң  оған  жамандық  жасауды  жазылмаған  дала  заңы  да, 

таулықтар  заңы  да  дұрыс  көрмеген.  Тілімізде  “табалдырықты  аттау”  деген  сөздің  киелі 

саналып, қыз баланың “табалдырық аттауы” оның өмірінің жаңа белесі болуы да осыдан 

(үйге  енді,  шымылдыққа  кірді,  т.с.с.  тұрақты  тіркес  жоқ).  Табалдырыққа  табыну, 



табылдырығын тоздыру т.б. сияқты тұрақты тіркестер де қолданылады. 

Түндік. Түн+дік морфемаларынан құралған туынды сөз. ДТС-та берілген мағынасы: 

“Түн – жабу, жабылу, түндік – терезе” [1. б.586]. Мұндағы көрсетілген терезе мағынасы, 

әрине, кейінгі, екіншілік мағынасы немесе басқаша айтсақ, ауыспалы түсінік болса керек. 

ДТС-та түгүнүк – отверстие для дыма, дымник [1. б.595] деген мағынасы берілген. Түндік 

сөзінің  ол  бастағы  төркіні  –  тұгнүк  болуы  ықтимал.  Мұның  өзі  көрсетілген  денотаттың 

негізгі  қызметімен  сәйкес  келеді.  Яғни  түндік  –  күндіз  көлеңке  жақтан,  үйге  жарық 

түсіріп,  түтін  шығу  үшін  ашылып  қойылады.  Егер  түндік  ашылмаса,  есіктен  не  іргеден 

түтін  бірден  шыға  қоймайды,  қолқаны  алып  кетеді.  Демек,  түндік  сөзі  қызметтік 

ұқсастық, яғни функциялық аналогия жолымен жасалған туынды сөз. 

Қазіргі  таңда  тіл  білімі  саласында  тілдік  таңбаларды  субъектінің  дүниетанымдық 

санасымен  тығыз  байланыста  қарастыру  маңызды.  Өйткені  әрбір  ұлт  тілінің  өзіне  тән 

мәдени-танымдық  ерекшеліктерін  бойына  жинақтау  арқылы  өзінің  нағыз  болмысын 

айқындай алады. Тіл әрбір ұлттың дүниетанымын, болмысын анықтап, дүниені игерудегі 

тәжірибесін  сипаттап,  оны  таңбалаудың  ең  негізгі  тәсілі  қызметін  атқарады.  Осы  реттен 

қарағанда, есімдерді туыстас тілдердегі деректермен салыстыра зерттеу ғылыми нәтижеге 

қол жеткізуге жол ашатыны айқын.   

 



Yüklə 4,88 Mb.

Dostları ilə paylaş:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   204




Verilənlər bazası müəlliflik hüququ ilə müdafiə olunur ©genderi.org 2024
rəhbərliyinə müraciət

    Ana səhifə