Microsoft Word BÄ°LÄ°msel eksen 20++



Yüklə 4,84 Mb.
Pdf görüntüsü
səhifə31/52
tarix26.10.2018
ölçüsü4,84 Mb.
#75726
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52

Bilimsel Eksen-Sicientific Axis-Научный Меридиан/Yıl-Year-Год 2017/Sayı-Number-Число 20
 
 
85
kanaatı Ogdurmuş suretiyle ifade etmiştir. Yazar tasavvuf ilminden haberdar oldu-
ğunu Ogdurmuş’un memleketinden uzak yerlerde yaşamasıyla, Ogdurmuş tarafın-
dan söylenen nasihat aracıyla vermiştir. “Tasavvuf yolu Kuran ve Hadislerden il-
ham alarak yola  çıkmıştır.  Tasavvuf,  insanoğlu toplumunun ilk devrinden var ol-
muştur ve birçok medeniyetler tarihinde kendine has yol bırakmıştır”.  
Demek ki tasavvuf – Allah’ın verdiği güzelliği ve sevincine kanaat etmek, şük-
retmektir.  Yukarıda  da  belirttiğimiz  üzere  Türk  düşünürleri  eserlerinin  temelini 
Kuran  ayetleri  ve  Peygamber  hadislerinden  almıştır.  Hoca  Ahmet  Yesevi  Türk 
düşünürlerinin  önemli  şahsiyetlerindendir.  Tasavvuf  İslam  dininden  üç  asır  sonra 
başlamıştı.  Tasavvuf  ilimini  geliştirmek  ve  propaganda  yapmak  isteyen  bilginler 
yeterli seviyede olmuş ve yüzyıllar boyu nasihat çalışmalarını yürütmüştür.  
Ogdurmuş’un ifade ettiği didaktik düşünceler Ahmet Yesevi hikmetleriyle aynı 
yola çıkmaktadır. Bu yüzden tebliğimizde Yusuf Has Hacib’in Ogdurmuş aracıyla 
verdiği düşünce fikirleri üzerinde duracağız.  
Anahtar Kelimeler: Yusuf Has Hacip, Kutadgu Bilig, Uyanma Devri, Kara-
hanlılar devri.  
  
 
Түркі халықтары мəдениеті де шығыстың рухани əлемінен қалып қоймай, 
іргелес  елдер  мəдениетімен  тығыз  байланыста  дамыды.  Араб,  парсылармен 
бірге түркілер де шығыс мəдениетінің өркендеуіне зор үлес қосты.  
IX-XV  ғасырлар  аралығы  түркі  халықтары  үшін  «Ояну  дəуірі»  болды. 
Қарахан  дəуірі  –  түркі  даласында  ислам  дінінің  берік  орнап,  бұл  діннің 
мемлекеттің  идеологиялық  тұғырына  айналған  кезеңі.  Сондықтан  да  болса 
керек, осы кезеңде дүниеге келген шығармаларда діни мазмұн басым болды. 
Бұл  кезеңдегі  түркі  əдебиетінің  басым  бөлігін  діни  шығармалар  құраған. 
Құран  мен  Пайғамбар  хадистеріне  ерекше  орын  беріліп  отырған.  Құран 
аяттары мен Пайғамбар Хадистерін өз сөзімен жырлауда мұсылмандық қайта 
өрлеу  дəуіріндегі  түркілік  жазба  əдебиеттің  көш  басында  тұрған  ғұлама 
Жүсіп  Баласағунидің  «Қутадғу  билигі»  түркі  тіліндегі  алғашқы  исламшыл 
əдебиет болды. 
А.Н.  Самойлович  XI-XVI  ғасырларда  Орта  Азияда  пайда  болған  бүкіл 
түркі  ескерткіштері  бір  əдеби  дəстүрде,  бір  əдеби  тілде  хатқа  түскен  деп 
мəлімдеген. 
 Ж.  Баласағуни  ұзақ  уақыт  қалыптасып  қалған  əдеби  дəстүрді  бұзып, 
өзінің  дидактикалық  туындысын  түркі  тілінде  жазып,  түркілік  өркениетке 
баға жетпес  рухани  мұра  қалдырса,  Қ.А.  Йасауи  сопылық  ілімді  насихаттау 
мақсатымен түркі тілінде көркем де əуезді хикметтерін тудырды. 
«...Сол арқылы өзінен кейінгі ұлы шайыр Әлішер Науаидің түркі тілінде 
кемелді туындылар жазуына жол салды. Бұл сүрлеу келе-келе даңғыл арнаға 


Bilimsel Eksen-Sicientific Axis-Научный Меридиан/Yıl-Year-Год 2017/Sayı-Number-Число 20
 
 
86
айналып,  түркі  тіліндегі  шығармалардың  жаңа  бағытта  өркендеп,  қанат 
жаюына мұрындық болды.  
...  Мұнымен  қатар  ол  суырып  салма  дәстүріндегі  ауызекі  әдебиетімізге 
араб, парсы әдебиетінің озық үлгілерін шебер астастыру арқылы поэзияның 
жаңа серпін алуына жағдай жасады» (М. Жармұхамедұлы, 1999:15). 
Ғұлама  бабамыз  Жүсіптің  шығармасында  көтерілген  сарындар  сол 
дəуірлердегі түркі əдебиетінде кеңінен қозғалған, əр түрлі деңгейде шешімін 
тапқан  тақырыптар  болатын.  Ж.  Баласағунидің  «Қутадғу  билигінің»  орта 
ғасырлық тарихтан қалдырған ойлары көп.  
Ж. Баласағуни исламды өз жүрек қалауымен түсініп қана қоймай, Алланы 
тануға,  Пайғамбар  хақтығы  мен  Құран  Кəрім  шындығын  тануға  жетелейді. 
Исламның  ғажап  сырларын  өз  дастанына  арқау  еткен.  Қайткенде  ізгі  қоғам 
мен  тұғырлы  мемлекет  құрмақ  керек  деген  идеялық  бағытты  арқау  еткен 
Қараханид  дəуірінің  бірегей  туындысы  «Қутадғу  билиг»  дастаны  сопылық 
сарынды  өзекті  желі  етіп  алды.  Ж.  Баласағуни  шығармасынан  уақыттың 
өтпелілігі,  ғұмырдың  қысқалығын  сезіне  білу,  дүниеқор  болмауға  шақыру, 
рухани  тазару,  рухани  жетілуді  мақсат  еткен  сопылық  көзқарасты  танимыз. 
Сопылық – исламның қайнар бұлағынан туындаған рухани құндылық, фəни 
дүние рахатын тəрк ету, Алла тағалаға құлшылық етудің ең жоғарғы сатысы. 
 «Сопылық  жолы  өз  бастауын  Құран  мен  Хадистен  алады.  Сопылық 
таным белгілері адамзат қоғамының алғашқы дәуірінен байқалып, бірқатар 
өркениеттер тарихынды өзіндік із қалдырды» (А. Əбдірасылқызы. 2007:5).  
Зерттеушілер  пікірінше  сопылық  ілім  ислам  діні  орнағаннан  кейін  3 
ғасырдан  соң  басталды.  Түркі  даласында  сопылық  ілімді  дамытушы 
ғұламалар лек-легімен шығып, ғасырлар бойы үгіт-насихат жүргізіп отырған. 
Жүсіп – алғашқы исламды дəріптеушілердің бірі болса, Қожа Ахмет Йасауи – 
қазақ  даласында  соплық  ілімнің  мектебін  қалыптастырушы  түркілік 
ойшылдардың көш басында тұрған данышпан.  
Ж.  Баласағуни  шығармасын  жазардан  бұрын  Аллаға  мінəжат  айтады, 
жаратушыдан  медет  тілейді.  Бұдан  соң  барып  пайғамбарды,  төрт  сахабаны 
сипаттайды.  Йасауи  де  хикметтерінің  соңында  Аллаға  мінəжат  айтса, 
Алланың жердегі бірден-бір өкілі Мұхаммед пайғамбарымыздың өзгелерден 
артық туған болмысын өзгелерге үлгі тұту үшін лайықтап сомдайды. 
Дастанды  бұлай  бастау  ислам  елдері  ақындарында  ертеден  келе  жатқан 
дəстүр.  Бұдан  ақынның  Алланың  бұйрығына  шын  берілгендігін, 
имандылығын  танимыз.  Дастандағы  бақытты,  əділетті,  парасатты  қоғам 
тіршілігінің  бір  тірегі  –  қанағат,  нысап  сипатының  Одғұрмыш  бейнесі 
арқылы  көрініс  табуы,  Одғұрмыштың  елден  жырақ  жалғыздықта  ғұмыр 
кешіп, өзін біржолата Хақ жолына арнауы, дəруіш тарапынан айтылған үгіт-
насихаттардан  шығарма  авторының  сопылық  ілімнен  хабары  мол  екені 
көрінеді.  Дастандағы  билеуші  мен  уəзір  Одғұрмыш  тақуалығын  табиғи 
түрде қабылдап, ерекше түсіністікпен қарап, одан керек кезінде ақыл-кеңес 


Yüklə 4,84 Mb.

Dostları ilə paylaş:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




Verilənlər bazası müəlliflik hüququ ilə müdafiə olunur ©genderi.org 2024
rəhbərliyinə müraciət

    Ana səhifə