Microsoft Word BÄ°LÄ°msel eksen 20++



Yüklə 4,84 Mb.
Pdf görüntüsü
səhifə32/52
tarix26.10.2018
ölçüsü4,84 Mb.
#75726
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52

Bilimsel Eksen-Sicientific Axis-Научный Меридиан/Yıl-Year-Год 2017/Sayı-Number-Число 20
 
 
87
алып  отырады.  Дастан жазылған  кезде  түркі  топырағында сопылықтың кең 
қанат  жайғаны  байқалады.  Яғни,  сопылық  ілім  бұл  кезең  үшін  қалыпты 
құбылыс болған.  
Дастанда  Одғұрмыш  айтқан  дидактикалық  ойлар  Ахмед  Йасауи 
хикметтерінде  айтылған  ойлармен  толық  үйлеседі.  Себебі,  екі  ғұлама  да 
сусындаған қайнар көздер – Құран мен сунна. Йасауи сөзімен айтсақ: 
Менің хикметтерім Алладан Пəрман 
 Оқып ұққанға бар мағынасы – Құран. 
«Қутадғу билиг» болсын,  «Диуани хикмет» болсын адам өмірінің алтын 
арқауы – өмірдің сыр-сипатын, имандылық пен адамгершілік ұстанымдарын, 
жамандық  пен  жақсылықты,  жалпы  ислам  дінінің  шарт-қағидаларын  негізгі 
өзек етіп алады.  
 «...Ақын  адамның  бұл  дүниедегі  өмірі  баянсыз  болғандықтан, 
мұндағының бәрі де тұрақсыз, дүние-мүлік, ізгі қарым-қатынастың бәрі де 
уақытша,  сол  себепті,  ертеңгі,  алдағы  яғни  ол  дүниедегі  бақи  өмірге  өтіп, 
шексіз қуанышқа жету үшін, Аллаға беріле құлшылық етуден басқа ешнәрсе 
жоқ деген пікір ұсынады. Мұның бәрі, ақын пайымдауынша, дүние қызығын 
тәрк  еткен  дәруіштік  таза  жолмен  ғана  іске  асады  –  дейді»  (М. 
Жармұхамедұлы, 1999:46). 
Ж.  Баласағуни  еңбегінде  Одғұрмыш  дəруіштік  жолға  түсу  арқылы  жеке 
басының  ғана  о  дүниелік  мүддесін  көздесе,  Қ.А.  Йасауи  өзі  осы  жолға  түсе 
отырып, бүкіл мұсылман халқының қамын ойлайды. Сопылық жолға түсудің 
қиыншылықтары туралы сөз қозғайды.  
«Қутадғу  билигте»  дүниенің  өзгермелілігі,  бақыттың  баянсыздығы,  əдеп 
пен  əдепсіздік,  надандық  пен  білімділік  парқын  əр  қоғам  адамына  түсінікті 
тілмен  өсиет-өнеге  ретінде  қалдырған.  Йасау  хикметтері  де  əділдік, 
шапағаттық, мейірімділік, тазалық, ойлылық сияқты игі нəрселерге үндейді:  
Бисмиллаһ – деп сөз бастап, хикмет айтып, 
Шəкірттерге дүррі гауһар шаштым міне 
Тақуалық жолын тұтып, қайғы жұтып, 
«Дафтар сани» беттерін аштым міне. 
 «Қожа  Ахмед  Йасауи  хикметтері  тақуалық  ғұмыр,  ғаріп,  пақыр, 
жетімдерге  пана  болып,  қамқорлық  жасау,  Алла  елшісінің  жолын  ұстау, 
өмірді босқа өткізбеу һәм Құрани кәрімнің сүр, аяттарындағы уағыздар мен 
Мұхаммед  Пайғамбарымыздың  хадистеріндегі  өсиетнамаларды  еске 
түсіреді.  Сайып  келгенде  ұлы  ақын  бұрынырақта  ғұмыр  кешкен  мұсылман 
шығысының  ойпаздары  мен  даналарының  кәміл  адам  тәрбиелеу  туралы 
идеясын  алға  тартады,  әрі  ол  сопылық  тағылым,  дәстүрмен  сабақтасып 
жатыр» (Ə. Дербісəлиев, 1995:78). 


Bilimsel Eksen-Sicientific Axis-Научный Меридиан/Yıl-Year-Год 2017/Sayı-Number-Число 20
 
 
88
Баласағуни  дастанындағы  кейіпкер  Айтолды  байлық  пен  дəулеттің 
баламасы  ретінде  алынған.  Мансап  та,  атақ  та,  дəулет  те  уақытша.  Бүгін 
басыңа  қонған  бақ,  ертең  жоқ.  Дүние  қызығы  қанша  қусаң  да  жеткізбейді. 
Дүниеге  алдануға  болмайды,  түбі  ол  опасыз.  Айнымалы.  Толған  айдың  бір 
кезде кішірейетіні секілді өмірдің қызығы да тұрақсыз, өтпелі. Сондықтан да 
автор  дүниеге  тым  құнығудан  сақтандырады.  Алла  тағаланың  берген  сыйы 
мен  нығметіне  шүкірлік  қылу,  азға  қанағат  қылу,  сабырлы  болу,  нəпсі, 
ғибадат,  күнə,  азап,  қорқыныш,  жақсылықтан  үміт  ету  –  бəрі  дастан 
мазмұнындағы  сопылық  танымммен  байланысты  ұғымдар.  Сол  сопылық 
таным-түсінік  дастанда  Одғұрмыш  бейнесі  арқылы  сипаталады.  Одғұрмыш 
өмірдің бар қызығынан безіп, тəркі дүние жолына түскен дəуріш. Одғұрмыш 
бейнесі  –  қанағат  сипатында  алынған  кейіпкер.  Жүсіп  Одғұрмыш  бейнесі 
арқылы  өзінің  көзқарас  танымын  көрсетеді,  адам  жан-дүниесіне  терең 
бойлап,  өмір  мəнін  таныта  түседі.  Одғұрмыш  бес  күндік  жалғанның 
қызығынан  безінеді,  Күнтуды  Елік  шақырғанда  күйбең  тіршілікке  қайта 
келгісі  келмейді,  патшаға  қызмет  етуден,  адамға  кіріптар  болудан  бас 
тартады.  
Дүниеден қашып мұнда келіп ем, 
Не деп қайта ораламын кері мен. 
Алла ісіне арнағанмын өзімді 
Кісі ісіне баспан, тидым өзімді (3695-96бб). (А. Егеубаев, 1986).  
Патша  Өгдүлмішті  үш  рет  жұмсап,  Одғұрмышты  сарайға  қайта-қайта 
шақыртады.  Бірақ  дəуріш  патша  сарайына  бармайды.  Атақ  пен  мансаптан, 
дүние-мүліктен  бас  тартады.  Ол  бұл  дүние  қызығының  алдамшы,  əрі 
баянсыздығын  таныған  жан.  Өмірдегі  пенделік  іс-əрекеттерге  налып,  содан 
арылуды,  тазаруды  көздейді.  Барлық  пенделік  атаулыдан  ада  мекен  іздеп, 
тазалыққа,  пəктікке  ұмтылады.  Оқшауланады.  Рухани  ішкі  əлемі  таза,  өзін 
бірржолата Хақ жолына арнайды.  
Қуып нетем ас пен киер киімді, 
Жаппар ием кем қылмайды күйімді.  
Шырмалса адам бұл дүние ісіне 
Ол дүние қамы кірмес түсіне (3340 -бəйіт) 
Бұл дүние құты аздырар, кездірер, 
Құдайдан да, иманнан да бездірер (3525 -бəйіт)  
Дəуріш Одғұрмыш бұл тіршілікте адам өзін байлық пен мансапқа арнап, 
Алланы ұмытуға болмайтынын, өзін күпірлік əрекеттерден сақтандыру керек 
екенін, дүниенің рухани құндылықтарын салмақтай қарап, ізгі істер жасауға 
уағыздайды.  
Патша  дəурішті  үшінші  рет  шақырғанда  ғана,  жай  əңгімелесуге,  өсиет-
ғибрат  айтуға  шақырады.  Оның  ақыл-кеңесін  тыңдайды.  Содан  соң  өз 


Bilimsel Eksen-Sicientific Axis-Научный Меридиан/Yıl-Year-Год 2017/Sayı-Number-Число 20
 
 
89
мекеніне қайтады. Бұл Оғдүлмішке ой салады. «Жасы келген адам дүниеден 
безу  керек  пе?»  деген  сауалға  Оғдұрмыш:  «Адамға  жақсылық  жасау  үшін 
қызмет ету – сауап» дейді. Баласағуни: «Дүние – бекет, сен – керуен, өтпелі» 
дей отырып, фəни дүние жалғандығын, өтпелілігін тани отырып, адам рухын 
биік  сатыға  көтеретін  сопылыққа  оң  көзқараспен  қарайды,  адами  саф 
болмысыңды  бұл  дүние  ісімен  байланыстыра  отырып,  сақтап  қалуды 
ұсынады.  Өмір  мəні  дүние  тіршілігін  адал  атқару,  адами  болмысты  фəни 
дүниенің лас істеріне құл қылмау. 
Бай, кедейді теңер өлім бір демде, 
Бірдей болар қара жерге кіргенде 
Сұқтанасың сен дүние жиғалы, 
Сұқтанады өлім сені тыйғалы (3616-3617) 
Баласағұн айтпақ ой – о дүниенің, өлімнің хақ екенін мойындау.  
Автор  дастанда  Одғұрмыш  бейнесіне  терең  мəн  береді.  Дастанда 
Күнтуды  да,  Өгдүлміш  те  Одғұрмышты  ерекше  құрметтейтіні  көрінеді. 
Жүсіп дастанда Оғдұрмыш бейнесін дəрпітеу арқылы сопылыққа қатысты оң 
көзқарасын  білдіріп  отырған.  Ақын  Одғұрмыш  арқылы  сопылық  ілімінің 
ізгілігін  дəріптегісі  келеді.  Дастанда  төрт  кейіпкердің  сұрақ-жауабы  түрінде 
баяндалатын оқиға желісі бастан-аяқ Мұхаммед САЛЛА АЛЛАХУ ƏЛƏЙҺИ 
УА САЛЛАМ хадистерімен өріліп отырады десек қателеспейміз. Пайғамбар 
Хадистері Жүсіп Баласағуни дастанының негізгі желісін құрап отыр. Себебі, 
қоғамдағы  барлық  адамгершілікке  қатысты  мəселелер,  этика  мəселелері 
Пайғамбар  хадистерінде  толық  қамтылған.  Жүсіп  Баласағуни  хадистерді 
терең  меңгерген  жан.  Хадистер  бүкіл  поэманың  ұйтқысы.  Дүниенің 
өзгермелілігі,  барлық  пен  мансаптың  баянсыздығы,  мұның  бəрі  Алланың 
əмірімен  жүріп  отыратын  құбылыс  екендігі  шығармадағы  өзекті  сарын. 
Мұндай 
насихаттың 
түпкі 
мақсаты 
– 
адамды 
ынсаптылыққа, 
қанағатшылдыққа  шақыру.  Алла  тағаланың  берген  сыйы  мен  нығметіне 
шүкірлік  қылу,  азға  қанағат  қылу,  сабырлы  болу.  Шығармада  қоғамдағы 
барлық  өмір  сүру  этикасы  ислам  ілімі  негізінде  баяндалады.  Ғұлама  осы 
негізді  еңбегіне  арқау  ете  білген.  Дастанның  өн  бойы  тұнып  тұрған  этика, 
мораль.  
Дастандағы  ең  басты  ұғым  –  қанағат.  Қазақ  күні  бүгінге  дейін  осы 
қанағатпен  өмір  сүруде.  Оған  даналық,  тауфиқ,  сабырлылық  сияқты  асыл 
ұғымдарды  сыйғызады.  Өмірдің  өтпелі  қызығы  мен  дырдуынан  баз  кешкен 
Одғұрмыш  (Қанағат)  та  өзі  ұстанған  принциптен  айнымайды.  Пендені 
адамгершілік пен имандылыққа шақырады. Дастанның өн бойында осы асыл 
қасиеттер  тілге  тиек  етіліп  отырады.  «Сабыр  етсең  –  іс  байлыққа  басады, 
шүкір  қылсаң  –  байлық  асып-тасады,  Шүкіршілік  қылғанның  ырысы 
артады»,  «Сабырлы  кісі  тілегіне  жетеді»,  «Сабырлы  ер  аққу  ұстайды» 
немесе  «Ұстамсыздық  –  бар  бәленің  көзі»,  «Асығыс  түбі  –  өкініш»,  –  деп 
бірнеше  бəйітте  жырласа,  осы  қасиет  Əнас  ибн  Малик  (р.л.ғ),  Имам  Əбу 


Yüklə 4,84 Mb.

Dostları ilə paylaş:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




Verilənlər bazası müəlliflik hüququ ilə müdafiə olunur ©genderi.org 2024
rəhbərliyinə müraciət

    Ana səhifə